Қазақстандық студенттер өз қаржылық сауаттылығын Fingramota.kz-пен бірге арттыруда

time 25.04.2022
aye 13

«Тұран» университетінде студенттер мен оқытушыларға арналған  қаржылық сауаттылық апталығы өтуде. Іс-шараны Халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (Агенттік) және Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (ҚҚҚ) қолдады.

2022 жылғы 20 сәуірде «Тұран» университетінде «Қаржылық сауаттылық халықтың әл-ауқатын арттыру факторы ретінде» тақырыбына дөңгелек үстел болып өтті. Оған қаржы реттеушісінің, ҚҚҚ, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, «Centras insurance» СК АҚ, «Pro Consulting» ЖШС өкілдері қатысып, жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған шағын оқыту дәрістерін өткізді.

22 сәуірде Агенттіктің және ҚҚҚ қолдауымен қаржылық сауаттылық бойынша студенттерге арналған олимпиада болып өтті, онда Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, қаржылық модельдеу, цифрлық валюта, банк секторының даму перспективалары және басқа да тақырыптар бойынша студенттердің ғылыми жобалары ұсынылды. Ғылыми жобалардан басқа, студенттер қаржы саласынан тестілеуден өтіп, есептер шығарды.

Іс-шараға қатысушыларға халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша іске асырылып жатқан жобалар жөнінде Агенттіктің қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бастығы Сәуле Ынтықбаева айтып берді.

«2021 жылғы қаңтарда Агенттік www.fingramota.kz оқыту интернет-ресурсының жаңартылған нұсқасын іске қосты және бірнеше жаңа бөлімдер құрылды. Сайттың жаңа нұсқасының артықшылығы жақсартылған іздеу жүйесі және дауыс көмекшісінің сүйемелдеуімен нашар көретін адамдарға арналған нұсқаны енгізу болды. Сайттың материалдарын қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен қатар қаржылық сауаттылық бойынша ресми ақпарат көзі болып табылатын бұқаралық ақпарат көздерінің өкілдері де пайдаланады. Fingramota.kz сайтына 2021 жылы орташа есеппен бір айда кіру саны 84 мың адамға дейін 20%- -ға артқан, 2020 жылы ол 67,3 мың адамды құрады», - деп С. Ынтықбаева атап өтті. Оның сөзінше, Fingramota.kz сайтында 2021 жылдан бері «Онлайн-кеңесші» жаңа қызмет түрі жұмыс істейді, аталған қызметтің көмегімен пайдаланушылар екінші деңгейдегі банктердің, микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің қызметіне қатысты, сондай-ақ алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сұрақтар қоя алады.

 С. Ынтықбаева Агенттік жыл сайын қазақстандықтардың қаржылық сауаттылық деңгейін бағалау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізіп жатқанын, олар www.fingramota.kz оқыту сайтында орналастырылғанын айтты. Қаржылық сауаттылық индексін есептеу әдіснамасы Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымының өлшемдеріне сәйкес келеді және үш көрсеткіш: меншікті қаржы қаражатын басқару, қаржылық көрсетілетін қызметтерді пайдалану және халықтың қаржы жүйесі туралы хабардар болу деңгейін талдау қамтылады.

«Қазақстанда қаржылық сауаттылық индексінің жоспарлы өсуі байқалады: 2020 жылы ол 39,07%-дық деңгейде болды, ал 2021 жылы – 39,52%-ды құрады, бұл орташа әлемдік деңгейге жақын, – деді ол. – 2021 жылы ең жоғары көрсеткіш – 42,57% «меншікті қаржы қаражатын басқару» көрсеткішінде тіркелді, дегенмен жастар соңғы әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша осы маңызды дағдыны игеруде кейбір қиындықтарды бастан кешуде. Есесіне студенттерде «қаржы жүйесі туралы хабардар болу» көрсеткіші жоғарылау жағына қарай өзгерді, ол 2021 жылы 35,45%-ды құрады».

Жалпы, 2021 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу, спикердің айтуынша, жастардың бюджетті жоспарлау, түрлі қаржы құралдарына инвестициялау дағдыларын дамыту, сондай-ақ қаржылық өнімдерді сауатты таңдау, қаржыландыру және тұрғын үй алу, оқумен байланысты мәселелерді шешу үшін оларға қаржылық сауаттылық пен кредиттік жауапкершілік бойынша ақпараттық білім беру қажеттілігі анықталды. «Аталған нысаналы топ жиі қаржылық алаяқтардың құрбаны болып, қаскөйлердің түрлі айлаларына түседі», - деп атап өтті С.Ынтықбаева.

Өз кезегінде, Агенттіктің Қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бас маманы Индира Нұрахметова Fingramota.kz жобасы аясында алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимылға қатысты жұмыс бағыты туралы толығырақ айтып берді.

«Көп жағдайда адамдар қаржылық сауаттылық туралы ақпаратты олардың өмірінде қаржылық қиындықтар туындағаннан кейін, мысалы, кредиттік міндеттемелерін орындау кезінде немесе қаржы алаяқтарына тап болғаннан кейін іздей бастайды. Қаржылық алаяқтардың айла-амалдарына халықтың әлеуметтік осал топтары көбірек ұшырайды: балалар, студенттер, зейнеткерлер, шалғай ауылдар мен аудандардың тұрғындары. Өздерінің сенгіштігіне байланысты олар алаяқтардың айла-шарғыларына жиі түсіп жатады және оларды қаржы пирамидаларының желісіне тарту оңайға түседі», - деп нақтылады қаржы реттеушісінің өкілі.

И. Нұрахметова іс-шараға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, киберқауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар берді. Ол, «Ешқашан күдікті сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз көздерден бейтаныс қосымшаларды жүктемеңіз. Фишингтік сайт болуы мүмкін сайттарда сауалнамаларды толтырмаңыз және өз байланыс деректеріңізді қалдырмаңыз, – деп, дербес деректердің құпия сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. – Ешкімге және ешқандай жағдайда электрондық поштаға, әлеуметтік желілердегі аккаунттарға өз құпия сөздеріңізді және картаның толық деректемелерін бермеңіз. Егер сіз алаяқтыққа тап болсаңыз, құқық қорғау органдарына жүгініңіз, ал қаржы пирамидасына қатысты болған жағдайда, бұл тұралы Агенттікке call-орталық арқылы + 7 (727) 237 1000 нөмірі бойынша хабарлай аласыз».

Қаржы реттеушісінің өкілі азаматтардың 2020 жылғы 25 маусымнан жұмыс істеп тұрған «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы да Агенттікке сауалдарын тікелей жолдай алатынын қоса айтты. Онда 14 тақырыптық бөлім бар. Арнайы «Пирамида және қаржылық алаяқтық» бөлімі құрылды, онда пайдаланушылар өздері кездестірген алаяқтық схемалары, күдікті сілтемелер, әлеуметтік желілердегі аккаунттар, онлайн топтар және басқа да алаяқтық, соның ішінде қаржы пирамидаларын құру фактілері туралы хабарлай алады.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі директоры Ләззат Үсенбекова бірқатар мектеп пәндеріне қаржылық сауаттылық элементтерін енгізу, ҚР БҒМ жүйесінде оқытушылардың біліктілігін арттыру, тренерлер даярлау, нысаналы оқыту бағдарламаларын әзірлеуді қоса алғанда қаржылық сауаттылықты орта және жоғары білім беру бағдарламаларына енгізу бойынша ұсыныстарын айтты. «Біз бұл ұсыныстарды өзекті деп есептейміз, Тұжырымдаманы іске асыру аясында олар мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп іске асырылады деп үміттенеміз», - деп сөзін жалғастырды.

«Салықтық сауаттылық құқықтық сауаттылық сияқты халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың маңызды бағыттарының бірі»,-деп атап өтті келесі бір баяндама жасаушы, Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бауыржан Айнабеков екенін атап өтті. Ол студенттерге жалпыға бірдей декларациялау туралы айтып берді.

«Тұран» университеті «Қаржы» кафедрасының доценті Роман Маргацкий халықтың инвестициялық сауаттылығы және оның негізгі сын-қатерлері туралы интерактивті форматта айтып берді. «Балалар аса маңызды мақсатты аудиториялардың бірі болып табылады, себебі қаржылық тұрғыдан сауатты балалар кейін қаржылық тұрғыдан сауатты ересек адамдарға айналады. Бюджетті, жинаққорды жоспарлау және инвестициялау дағдыларын ерте кезден бастап үйреткен жөн. Қаржылық сауаттылық жастарға қаржыны жоспарлау, жеке өзінің, сондай-ақ сырттан тартылған қаржы ресурстарын тиімді басқару арқылы оқуға ақы төлеу мәселелерін немесе тұрғын үй проблемаларын шешуге көмектеседі»,-деді ол.

Қазақстанда қаржыны тек жинауға ғана емес, сондай-ақ өз өмірі мен денсаулығын қорғауға мүмкіндік беретін қолданыстағы өзге де қаржы құралдары жөнінде «Centras insurance» СК» АҚ сақтандыру қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары Сергей Вергель айтып берді. Ол студенттерге сақтандыру нарығының басым бағыттары жайлы баяндап, сақтандыру төлемін қалай алуға болатыны және қайда жүгіне керектігі туралы ақпаратпен бөлісті.

Іс-шараны жобаны қаржыландыру және қаржы менеджменті саласындағы сарапшы Рустам Қараханов аяқтады. Ол қаржылық сауаттылықтың болашақ кәсіпкерлерге бизнес-жоспар құру және өз ісін жүргізу кезінде көмектесетінін атап өтті. Оның сөзінше, бизнесте табысқа жету алдымен міндетті түрде мұқият зерттеу мен талдауды қажет ететін алдын ала ойластырылған идеямен байланысты.

 Fingramota.kz жобасының аясында Агенттік өткізетін барлық оқыту іс-шараларының тегін екенін және қаржылық сауаттылық бойынша лекциялар мен вебинарлар өткізуге қызығушылығыңыз болатын жағдайда, бізге fingramota@finreg.kz электрондық поштасына жазуыңызға немесе + 7 727 237 1000 нөмірі бойынша Call-орталыққа қоңырау соғуға болатынын атап өтеміз.

 

Әлеуметтік желілерде бізге жазылыңыздар және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық тұрғыдан сауатты болыңыз!


white-arrow Тізімге