«QazYmCenter» қоғамдық ұйымы есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған қаржылық сауаттылық бойынша семинар өткізді. Оған офлайн форматта 80-нен астам адам, сондай-ақ Шымкент, Тараз, Қырғызстан және Өзбекстаннан онлайн тыңдаушылар қатысты.
Семинардың негізгі тақырыптары — есту қабілеті бұзылған азаматтар арасында қарызға бату және қаржылық алаяқтық мәселелері болды. Бұл мәселелер ерекше көзқарас пен білімді талап етеді.
Ұлттық қолжетімділік стандарты
Семинарда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі Ғаділбек Аким сөз сөйледі. Ол 2023 жылы әзірленген «Мүгедектігі бар тұлғалар үшін қаржы ұйымдарының бөлімшелерінің қолжетімділігіне қойылатын талаптар» атты Ұлттық стандарт туралы айтып берді. Бұл стандарт банктер мен олардың қызметтерін барлығына қолжетімді етуге бағытталған. Онда мыналар қарастырылған:
• Ғимараттар мен бөлмелер (пандустар, лифттер, навигация, дыбыстық және визуалды хабарламалар);
• Банкоматтар мен терминалдар (құлаққап ұялары, экрандағы жазулар, Брайль қарпі және басқа да қолжетімділік элементтері);
• Қызметкерлерді мүгедектігі бар клиенттермен жұмыс істеуге оқыту.
Банктік инфрақұрылымның қолжетімділігі
Қазақстанда шамамен 1 600 банк бөлімшесі жұмыс істейді, оның 1 486-ы (90%) мүгедектігі бар адамдарға бейімделген.
12 425 банкоматтың ішінен 5 253-і (42%) қолжетімділік талаптарына сай.
Ғаділбек Аким банктер мен өз-өзіне қызмет көрсету құрылғыларын бейімдеу — біртіндеп жүзеге асатын процесс екенін, ол уақытты, ресурстарды және технологияларды қажет ететінін атап өтті.
«Мен өзім ақша аудардым»: алаяқтар қалайша адамдарды миллиондаған ақша беруге мәжбүрлейді
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Бағалы қағаздар бойынша кірістер және оларға салық салу: инвесторға нені білу маңызды
Ипотеканы зейнетақы жинақтарынан өтейміз: жаңа тәртіп және сіздің мүмкіндіктеріңіз
Сізге кредит бойынша кепіл болушы болуды сұрай ма? Қол қойғанға дейін нені білу маңызды