Fingramota.kz және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, сондай-ақ Нархоз университетінің Экономика және менеджмент мектебі бірлесіп, елімізде алғаш рет студенттер арасында республикалық «Киберқалқан: заманауи қауіптер және қаржылық қорғаныс тәсілдері» атты хакатон өткізді.
Іс-шараға Алматы, Астана, Шымкент, Талдықорған және Орал қалаларынан сегіз жоғары оқу орны қатысты. Олардың қатарында — Нархоз университеті, AlmaU, «Мирас» университеті (Шымкент), Алматы технологиялық университеті, UIB, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті (Талдықорған), Қазақ-Америка университеті және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (Орал).
Хакатоның мақсаты — азаматтарды кибералаяқтықтан қорғауға және цифрлық ортада қаржылық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған практикалық идеялар, сервистер мен жобаларды әзірлеу және ұсыну.
Байқаудың міндеттеріне мыналар кірді:
* жаңа технологиялар мен әлеуметтік инженерия әдістеріне негізделген өзекті алаяқтық схемаларын анықтау;
* пайдаланушыларды онлайн-алаяқтардан қорғауға көмектесетін қарапайым және қолжетімді шешімдерді әзірлеу.
Байқауға барлық мамандықтар бойынша (бакалавриат бағдарламалары) студенттер қатыса алды. Үш адамнан құралған командалар өз жобаларын сипаттама, презентация және блиц-қорғау форматында ұсынып, әзірлеген идеяларының практикалық қолданысын көрсетті.
Қатысушылардың жұмыстарын бағалаған қазылар алқасына ҚНРДА өкілдері (қазылар алқасының төрағасы), Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының, «Forte Finance» АҚ, Нархоз университетінің, ҚР Ұлттық банкінің Антифрод орталығы мен Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өкілдері кірді.
Ұйымдастырушылар студенттердің цифрлық қаржылық қауіпсіздік тақырыбына деген жоғары қызығушылығын атап өтіп, «Киберқалқан» хакатоны жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараға айналып, 2026 жылы қайта ұйымдастырылатынын хабарлады.
Ипотеканы зейнетақы жинақтарынан өтейміз: жаңа тәртіп және сіздің мүмкіндіктеріңіз
Жаңа буын алаяқтары: дипфейк-алаяқтық қалай жұмыс істейді
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Депозит, сейф немесе инвестиция: Қазақстан азаматтарына жинақтарын қайда сақтау тиімді