Осы жылдың қазан айында Astana International Exchange алаңында «Ring the Bell for Financial Literacy» іс-шарасы өтті — бұл қаржылық сауаттылықты, инвесторларды қорғауды және саналы инвестицияларды қолдауға бағытталған жоба.
Іс-шара қатысушылары сауда күнін символикалық «Ring the Bell» белгісімен ашып, IOSCO (Құнды қағаздар жөніндегі халықаралық комиссиялар ұйымы) және World Federation of Exchanges (Биржалар дүниежүзілік федерациясы) қолдауымен өтетін жаһандық World Investor Week (Дүниежүзілік инвесторлар апталығы) бастамасына қосылды.
Бұл бастама алты жыл бұрын пайда болды және биыл оған әлемнің 55 биржасы қосылды, олардың барлығы бір мақсатты көздейді — инвесторларды оқыту мен қорғаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру.
Биыл Дүниежүзілік инвесторлар апталығы 6-12 қазан аралығында өтті және үш негізгі тақырыпқа басымдық берілді:
«БӨЛШЕКТІК ИНВЕСТОР УАҚЫТЫ: капитал нарығы туралы инсайттар» атты воркшопта Қаржылық сауаттылықты арттыру және әлеуметтік жобалар департаментінің бас маманы Ғаділбек Әкім жастардың қаржылық сауаттылығы және алаяқтық схемалардан қорғау тақырыбын қозғап, қандай алаяқтық схемалар бар, өзіңді және жақындарыңды қалай қорғау керек, жеке деректеріңді қалай сақтау керек және тағы басқа маңызды мәселелер жайлы баяндады.
«Мен өзім ақша аудардым»: алаяқтар қалайша адамдарды миллиондаған ақша беруге мәжбүрлейді
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Бағалы қағаздар бойынша кірістер және оларға салық салу: инвесторға нені білу маңызды
Ипотеканы зейнетақы жинақтарынан өтейміз: жаңа тәртіп және сіздің мүмкіндіктеріңіз
Сізге кредит бойынша кепіл болушы болуды сұрай ма? Қол қойғанға дейін нені білу маңызды