Өмірімізде болатын кездейсоқ жағдайлардан ешкім сақтандырылмаған. Сақтандыру – ең алдымен, сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда сіздің қаржылық мүддеңізді қорғау. Сақтандыруды дұрыс таңдау сізді және сіздің жақындарыңызды кездейсоқ жағдайлардан қорғай алады.
Мысал келтірелік: Көктемнің шуақты күндерінің бірінде апалы-сіңілі Әлия мен Алуа қыдыруға шықты. Саябақта ойламаған жерден Әлия сүрініп, құлап қалды. Аурудың қатты болғаны соншалық, жедел жәрдем шақыруға тура келді. Кейін белгілі болғандай, Әлияның аяғы сыныпты. Кейіннен емделіп, қалпына келуі үшін де біраз шығынданыпты. Сақтандыруы болған жағдайда, емдеу ақысын сақтандыру полисінің есебінен төлеуге болар еді. Осы оқиғадан кейін Әлия өзін ғана емес, отбасының барлық мүшелерін де жазатайым жағдайлардан сақтандырып қойды.
Сақтандырудың қандай түрлері болады
Сақтандырудың екі нысаны бар: міндетті және ерікті.
Бірінші жағдайда сақтандыруды ҚР заңнамасына сәйкес алуға болады. Оған мыналар жатады:
Екінші жағдайда – бұл ерікті сақтандыру, онда сақтандыру ерікті негізде сатып алынады.
Мысалы: мүлікті сақтандыру – бұл ерікті түрде көрсетілетін қызмет. Мүлікті сақтандыру сіздің меншігіңізді: пәтеріңізді/үйіңізді төтенше жағдайлардан қорғауға көмектеседі. Ерікті сақтандырудың барлық сыныптары «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңында көрсетілген.
Сақтандыру компаниясын таңдаған кезде неге назар аудару қажет?
Лицензияның болуы. Сақтандыру компаниясы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген сақтандыру қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде ғана жұмыс істеуге құқылы. Компанияда лицензияның бар-жоғын gov.kz сайтында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінен біле аласыздар.
Компанияның тарифтері. Компанияның тарифтеріне көңіл аударыңыздар. Міндетті сақтандыру түрлері бойынша тарифтер заңнамалық деңгейде белгіленеді. Ерікті сақтандыру түрлері бойынша тарифтер сақтандыру шартында белгіленеді. Бұл ретте полистің шамамен алғандағы құнын сақтандыру компаниясының сайтынан есептей аласыздар.
Сақтандыру шарты. Сақтандыру шартында мынадай ақпарат қамтылады: сақтанушының аты-жөні, сақтандырушының аты-жөні, байланыс деректері, БСН/ЖСН және басқа мәліметтер. Сақтандыру шартының қандай талаптарына ерекше назар аудару керек? Бұл:
- Сақтандыру жағдайларының, яғни сақтандыру төлемі төленетін жағдайлардың тізімі. Сақтандырушы шартта/полисте көрсетілген жағдайларда ғана туындаған тәуекелдер мен сақтандыру жағдайларының орнын толтырады.
- Сақтандыру жағдайларынан алып тасталатын жағдайлардың тізімі. Сақтандыру жағдайларынан алып тасталатын жағдайларға олар басталған кезде сақтандырушы сақтандыру төлемін төлемеуге құқылы болатын оқиғалар жатады.
- Франшизаның болуы және оның мөлшері, яғни белгілі бір жағдайларда өтелмеген зиян мөлшері. Франшиза сақтандыру сомасынан пайызбен немесе абсолютті мөлшерде белгіленеді.
- Сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының іс-қимыл тәртібі. Сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарлаудың уақыты мен тәртібі ерекше маңызды. Егер хабарлама мерзімі немесе тәртібі бұзылған болса, онда бұл дәлелді және объективті себептермен хабарламау жағдайларын қоспағанда, сақтандыру төлемдерін төлеуден бас тартуға негіз бола алады.
- Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мәселесін қарау үшін қажетті құжаттар тізімі. Әдетте, бұл сақтандыру жағдайы басталған кезде болған жағдайлар мен себептерді растайтын құжаттар.
- Сақтандыру агентінің (делдалдың) болуы және оның қызметтері үшін сыйақы мөлшері.
Кез келген шарттың талаптарын мұқият оқып шығыңыз. Шартқа қол қоймас бұрын компания өкілінен сақтандыру жағдайы туындаған кезде келтірілген зиянды өтеу тәртібін нақтылап алыңыз.
Сақтандыру жағдайы. Іс-әрекеттер алгоритмі
Бірінші кезекте істеу керек нәрсе – жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамасында және (немесе) шартта белгіленген тәртіппен өз өтінішіңізді тіркей отырып, шартта белгіленген мерзімде сақтандыру компаниясына дереу хабарлау. Әрі қарай сақтандыру шартында көрсетілген барлық әрекеттерді орындаңыз. Барлық растайтын құжаттар мен материалдарды жіберіңіз. Бұл Сізге сақтандыру жағдайы туралы дауды болдырмауға және сақтандыру төлемін алуға мүмкіндік береді. Бұл барлық қажетті құжаттарды берген және шарттың барлық талаптарын, сондай-ақ заңнама талаптарын сақтаған кезде мүмкін болады.
Өзіңізге, денсаулығыңызға мұқият болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауатыңызды арттырыңыз!
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды