Схема қалай жұмыс істейді
Классикалық алаяқтық схемасына үш тарап қатысады: алаяқ, сатып алушы және алдауға қатысқанынан бейхабар үшінші тұлға. Схеманың мәні қаскүнем пайда тауып, өзінің жеке басын жасыру үшін басқа біреудің банктік деректемелері мен басқа біреудің тауарын пайдаланады.
Әдетте схема былай өрбиді:
1-қадам. Алаяқ интернетте танымал өнімді, мысалы, смартфонды, ойын құрылғысын, тұрмыстық техниканы немесе басқа сұранысқа ие өнімді нарықтық бағадан едәуір төмен сату туралы жарнама орналастырады. Бұл әлеуетті сатып алушылардың назарын тез аударуға көмектеседі.
2-қадам. Сатып алушы «сатушымен» байланысады, мәліметтерді нақтылайды және сатып алуға келіседі. Алаяқ сұраныстың жоғары екенін немесе басқа алам деушілердің бар екенін айтып, төлемді асықтыруы мүмкін.
3-қадам. Төлем үшін қаскүнем банктік деректемелерді жібереді. Алайда, шот оған емес, мүлдем басқа адамға – сол кезде өз тауарын басқа жерде сататын нақты сатушыға тиесілі.
4-қадам. Үшінші тұлға — нағыз сатушы өзінің сатып алушысынан аударымды күтеді, ал алаяқтық схема туралы мүлдем білмейді. Ақшаны алғаннан кейін ол төлемді мәміленің дәлелі деп санайды.
5-қадам. Сатып алушы алаяқтың тауарын төлеймін деп ойлап, ақшаны үшінші тұлғаға аударады.
6-қадам. Төлемді алғаннан кейін нағыз сатушы тауарын алаяқ көрсеткен мекенжайға немесе өзімен сыбайлас адамға жібереді.
Нәтижесінде сатып алушы ақысы төленген тауар мен ақшасыз қалады, нағыз сатушы еркінен тыс алаяқтық схемасының қатысушысына айналады, ал қаскүнем тауарға немесе ақшалай пайдаға ие болып, ақша аударымына тікелей қатыспай, ізін суытады.

Толығырақ "Абайлаңыз алаяқтар" бөлімінде оқыңыз
«Қара үшбұрыш»: алаяқтар адамдарды бейтаныс адамдарға қалай төлетеді және неге кез келген адам құрба...
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Шымкент қаласында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған кездесу өтті
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Телефондағы жаз. Демалыс кезінде балаларды кибералаяқтардан қалай қорғауға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?