Егер сақтандыру жағдайы орын алса, өтемақыны қалай алуға болады? Сақтанушыға арналған жадынама

time 4.08.2023
aye 5794
Егер сақтандыру жағдайы орын алса, өтемақыны қалай алуға болады? Сақтанушыға арналған жадынама

Сақтандыру полисі не үшін қажет, ол сізді қандай күтпеген жағдайлардан қаржылық тұрғыдан қорғай алады, сақтандырудың қандай түрлері бар және сақтандыру компаниясын таңдағанда нені ескеру керек, бұл туралы біз оқырмандарымызға бұған дейін жарияланған материалдарда айтқан болатынбыз.

Бүгінгі күні Fingramota.kz сайты сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының іс-қимыл алгоритмін қарастырады.

Сақтандыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін жағдай. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде берілген. Басқаша айтқанда, бұл сақтандыру компаниясы белгілі бір өтемақы төлейтін жағдай. Сақтандыру жағдайын сақтандыру тәуекелінен ажырата білген жөн. Бұл мәнмәтінде жағдай - бұрын болған, ал тәуекел гипотетикалық түрде болуы мүмкін оқиға. Сақтандыру полисі тәуекелдерден қорғау үшін ресімделеді. Ал өтемақы сақтандыру жағдайы басталған кезде төленеді.

Сақтандыру жағдайының басталу талаптары

Оқиға сақтандыру жағдайына айналуы үшін ол бірнеше өлшемшарттарға сәйкес келуі керек. Бұл оқиғаның кездейсоқ әрі тосыннан болуы, сонымен бірге мүлікке немесе сақтанушыға зиян келтіру, яғни сақтандыру жағдайының бір уақытта орын алуы және сақтанушыға белгілі бір зиян келтіруі керек. Сақтандыру компаниясы бұл фактіні сақтандыру сомасына байланысты ақшалай баламада бағалайды. Мысалы, сіз жол-көлік оқиғасына ұшырадыңыз, нәтижесінде сіз автокөліктің бамперіне зақым келтірдіңіз. Дегенмен, сіз бұған дейін айнаны сындырған болатынсыз. Сақтандыру компаниясы сізге бампердің өтемақысын төлейді, ал айна үшін ақы төлемейді.

Сақтандыру жағдайларына қандай оқиғалар жатпайды

Кейбір оқиғалар сақтандыру жағдайына жатпайды - заңнамада бұған тыйым салынады. Мысалы, құмар ойындарда ұтылу немесе ҚР заңнамасын қасақана бұзатын заңға қайшы әрекеттер.

Бұдан басқа, кейбір жағдайларда заңнама сақтандырушыны өтемақы төлеуден босатады. Мәселен, ҚР Азаматтық кодексінің 935-бабы бойынша  «жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан пайда болған зиян өтеуге жатпайды», сондай-ақ өтемақы мөлшері «егер жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы зиянның пайда болуына немесе ұлғаюына себеп болса» азайтылуға тиіс.

Мысалы, егер қандай да бір радиацияның, жаппай тәртіпсіздіктердің немесе әскери іс-қиммылдардың нәтижесінде болған сақтандыру жағдайлары.

Сондықтан да сақтандыру шартын мұқият оқып шығу маңызды, онда қашанда сақтандыру жағдайларының тізіміндегі ерекше жайттар жазылады.

Сақтандыру оқиғасы басталған кезде не істеу қажет

Сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтандыру компаниясына барынша жылдам хабарласу маңызды. Сақтандыру оқиғасы туралы хабарлау маңызды болып саналатын мерзімдер сақтандыру шартында жазылған. Олар үнемі шектеулі, сондықтан да сақтандыру компаниясына қоңырауды кейінге қалдырмағаныңыз жөн.

Сақтандырушы сақтандыру оқиғасының басталғанын растайтын қандай құжаттарды жинап, ұсыну керектігін түсіндіреді. Көбіне жеке куәлік, полис, медициналық құжаттар (егер біз өмірді және денсаулықты сақтандыру туралы айтатын болсақ), сарапшылардың қорытындылары (егер жылжымайтын мүліктің зияны туралы айтатын болсақ), апаттық комиссардың хаттамасы (егер ЖКО орын алса) қажет.

Құжаттармен бірге өтінішті толтыру қажет болады — бланкіні әдетте сақтандырушы ұсынады не компанияның сайтынан жүктей аласыз немесе олардың мобильді қосымшасында ресімдей аласыз. Өтініш пен растайтын құжаттарды бергеннен кейін шешімді күту қажет. Егер оң шешім болса, сізге сақтандыру төлемі төленеді.

Толығырақ "Сақтандыру" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге